АҚШ басшысы Қазақстанға сапармен келуі мүмкін екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп 24.kz телеарнасының тілшісіне Қазақстанға сапармен келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналистің «Қазақстанға бару жоспарыңызда бар ма? деген сұрағына Трамп былай деп жауап берді:
«Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз жақсы адам».
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше елдің тауарына 25 пайыз баж салығын енгізген еді. Олардың арасында Қазақстан да бар.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанның АҚШ-қа экспортының 95%-ына Трамп енгізген қосымша баж салығы салынбайды. Шектеуге ферросилициум мен фосфор өнімдері секілді тауарлар, яғни экспорттың 4,5 пайызы ғана ілінеді.