ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Португалия халқы 3 күн бойы Аза тұтады

Елдің әйгілі туристік нысанында 16 адам көз жұмды 

Португалия халқы 3 күн бойы Аза тұтады
Фото: ВВС

Лиссабонда туристер жиі мінетін «Глория» фуникулері апатқа ұшырап, 16 адамның қаза болған еді. Осыған орай Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза мен премьер-министр Луиш Монтенегру елде аза тұту күндерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып. 

Билік әзірге қаза тапқандардың аты-жөнін жариялаған жоқ. Полицияның мәліметінше, марқұмдардың арасында Канададан екі, Германиядан бір, АҚШ-тан бір және Украинадан бір азамат бар. Үш адамның тұлғасы әлі анықталған жоқ.

Зардап шеккендер қатарында Португалияның төрт азаматы, Германия мен Испаниядан екі адамнан, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Канада, Франция, Италия, Швейцария, Марокко және Кабо-Верде елдерінен бір-бір адамнан бар.

Апат кезінде вагонда қанша адам болғаны белгісіз. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

«Глория» Еуропадағы ең көне фуникулердің бірі. Ол Рештаурадориш алаңы мен Жардим де Сан-Педро-де-Алкантара паркінің арасында жолаушы тасымалдайды. 1885 жылы іске қосылып, 1915 жылға қарай толық электрификацияланған.

Жол ұзындығы – 265 метр. 2002 жылдың ақпанында «Глория» фуникулері Лиссабонның басты көрікті туристік нысан ретінде ұлттық мұра мәртебесін алған. Қазіргі кезде ол жылына үш миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды.

Серіктес жаңалықтары