Францияда солшылдар партиясы Макронды отставкаға жіберуді сұрады

Автор: Аягөз Құрмаш

23 қыркүйекте парламентке ұсыныс енгізіледі

Фото: Getty Images

Францияның солшыл саяси күші «La France insoumise» партиясы президент Эммануэль Макронды биліктен кетіру туралы бастама көтермек. Бұл жайында партия көшбасшысы Жан-Люк Меланшон мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бір жыл бұрын біз президенттің отставкасы туралы мәселе көтергенбіз. Енді 23 қыркүйекте тағы да сол бастаманы ұсынамыз. Үкімет сол уақытқа дейін құлап үлгерсе, сенімсіздік вотумы маңызын жоғалтады. Сондықтан біз Макронды биліктен аластату туралы ұсынысты енгіземіз», – деді Меланшон France Inter радиосында.

2024 жылы «La France insoumise» партиясы Макронға қарсы импичмент рәсімін бастауға тырысқан еді. Алайда ол бастама қолдау таппады. Ұлттық жиналыстың (парламенттің төменгі палатасы) заң комиссиясы қарарды қабылдамаған болатын: 15 депутат қолдап, 54-і қарсы дауыс берген.