$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2025, 17:45
Әлем

Фин депутаты парламент ғимаратында көз жұмды

Ақпарат көздеріне сенсек, ол өзін-өзі өлтірген

Фин депутаты парламент ғимаратында көз жұмды
Фото: SCANPIX/Steffen Trumpf/dpa

Фин парламенті ғимаратында бір депутаттың өз-өзіне қол салғаны хабарланды. Полиция оқиға сейсенбі күні түске дейін болғанын растаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Сейсенбі күні таңертең парламентте өлімге әкелген оқиға тіркелді», – делінген ресми түсініктемеде.

Финляндиядағы Iltalehti басылымының хабарлауынша, Парламенттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайдың депутатқа қатысты екенін жоққа шығармағанымен, нақты деректерді жариялаудан бас тартқан. Қай жерде болғаны мен қай тұлғаға қатысты екені туралы толық мәлімет берілген жоқ.

Хельсинки полициясы Helsingin Sanomat басылымына оқиға шамамен таңғы сағат 11-де тіркелгенін хабарлады. Қазіргі таңда Фин парламенті жазғы каникулда. Алғашқы отырыс 2 қыркүйекке жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары