Британдық БАҚ осындай болжам жариялап отыр
Трамп, Путин және Зеленскийдің кездесуі Римде өтуі ықтимал. Бұл нұсқаны АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары қолдап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Британдық Sky News телеарнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскийдің арасындағы үшжақты кездесу Римде өтуі мүмкін.
Sky News дерегіне сәйкес, Римде кездесуді өткізу идеясын Дональд Трамп пен Владимир Зеленский қолдап отыр.
Сонымен қатар бұл нұсқаны АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио да қолдаған.
Ал телеарнаның мәліметінше, Путин Женевада кездескісі келген. Бұл келіссөз алаңы Ресей үшін ыңғайлырақ деп қарастырылып отыр.