$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2025, 13:20
Әлем

Путин мен Зеленскийдің кездесуі екі апта ішінде өтуі мүмкін – Фридрих Мерц

Кез келген жаңа келіссөздер басталар алдында ең алдымен атысты тоқтату қажет

Путин мен Зеленскийдің кездесуі екі апта ішінде өтуі мүмкін – Фридрих Мерц

Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі екі апта ішінде өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол АҚШ-та өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мерцтің айтуынша, Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп, Зеленский және жеті еуропалық елдің көшбасшылары украиналық дағдарысқа қатысты көпжақты келіссөздер өткізген.

Канцлердің пікірінше, кез келген жаңа келіссөздер басталар алдында ең алдымен атысты тоқтату қажет.

«Атыс тоқтамаса, жаңа келіссөздер бастау мүмкін емес деп ойлаймын. Бұл – маңызды алғышарт», – деді Мерц.

Сонымен қатар ол Ресейге қысым жасаудың қажеттігін атап өтті. АҚШ президенті Дональд Трамп керісінше, атысты тоқтату міндетті шарт емес деп есептейді.

«Ең тиімді жол – соғысты тоқтататын нақты бейбіт келісімге қол жеткізу. Уақытша атысты тоқтату көп жағдайда сақталмайды», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары