Ыстамбұл әкімдігіндегі сыбайлас жемқорлық ісі: 40 адам қамауға алынды

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұған дейін Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу да қамауға алынған

Фото: Haberler

Ыстамбұл қалалық әкімдігінде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында 44 адамды ұстау туралы қаулы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізген операциясы барысында 40 күдікті ұсталды, олардың ішінде Бейоғлу ауданының әкімі Инан Гюней де бар.

Бұл іс бойынша бұған дейін Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу да қамауға алынған болатын.

Күдіктілерге Түркия қылмыстық кодексінің «қылмыстық ұйымды басқару», «қылмыстық ұйымға қатысу», «пара алу», «алаяқтық», «жеке деректерді заңсыз алу» және «тендерлермен манипуляция жасау» баптары бойынша айып тағылған.

Тергеу мәліметінше, 35 күдікті, оның ішінде Бейоғлу әкімі Инан Гюней, Medya A.Ş, Kültür A.Ş және мэрияның өзге де құрылымдарында түрлі алаяқтық әрекеттерге барған. Олар іздеуде жүрген Эмрах Багдатлымен және Мұрат Онгунмен байланыста болғаны анықталды.

Сондай-ақ, Онгун мен Багдатлыға қатысты 9 күдікті әлеуметтік желілерде әрекет еткен қылмыстық ұйым құрамында болған деп есептеледі.