Үміткер байқауға өз шындығымен қатысатынын айтты
Палестина биыл алғаш рет «Әлем аруы – 2025» халықаралық сұлулық байқауында өз өкілін ұсынбақ. Ел намысын модель, фитнес-жаттықтырушы және қоғам қайраткері Надин Аюб қорғайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол байқаудың ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған үндеуінде хабарлады.
«Тарихта алғаш рет Палестина «Әлем аруы» байқауында ұсынылатынын жариялау – мен үшін үлкен мәртебе. Мен бұл сахнаға тек «Палестина аруы» атағымен ғана емес, шындықпен шығамын. Қазіргі таңда Палестина, әсіресе Газа, ауыр күндерді бастан өткеріп жатыр. Мен – үнсіз қалмайтын халықтың дауысымын. Әлем әр палестиналық әйел мен баланың қайсарлығын көруі тиіс. Біз тек қана қайғымызбен шектелмейміз, бұл – төзімділік, үміт және жүрегімізде өмір сүретін отанның соғысы», – деді Надин Аюб.
«Әлем аруы – 2025» байқауы 2025 жылдың 21 қарашасында Таиландтың Паккред қаласындағы Impact Challenger Hall сахнасында өтеді. Бұл байқау тарихтағы 74-ші «Әлем аруы» конкурсы болмақ.