Жекпе-жектен кейін спортшыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген
Жапон боксшысы Сигэтоси Котари 2 тамызда отандасы Ямато Хатаға қарсы жекпе-жекте алған жарақатынан кейін 29 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
NHK телеарнасының мәліметінше жекпе-жек 12 раундқа созылып, тең аяқталды.
«Жекпе-жектен кейін көп ұзамай Котари басы ауырып жатқанына шағымданған, ол Токиодағы ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді», - делінген хабарламада.
Жекпе-жектен кейін спортшы шұғыл түрде миына операция жасау үшін ауруханаға жатқызылды. Хирургиялық процедуралар кезінде субдуралдық қанды ісік алынды. Спортшы 8 тамызда Астана уақыты бойынша 20:00-де көз жұмды.
Котари кәсіби карьерасында 12 жекпе-жекке өткізіп, оның сегізінде жеңіске жеткен. Ол екі жекпе-жекте жеңіліп, тағы екеуін тең аяқтады.