Жақын арада Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келісім жасалады – АҚШ конгресі
Ол бұл мәселеге Трамп араласады дейді

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Джо Уилсон Әзербайжан мен Армения арасында жақын арада бейбіт келісім жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің «X» (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Уилсонның айтуынша, бұл келісімге қол жеткізуде АҚШ президенті Дональд Трамптың рөлі айрықша. Сондай-ақ, Уилсон Трамптың ықпалымен бейбіт келісім орнаған бірнеше елді атады:
- Конго мен Руанда
- Таиланд пен Камбоджа
- Пәкістан мен Үндістан
- Жақында Әзербайжан мен Армения
«Ол – Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына лайық тұлға», – деп жазды Уилсон.
Еске салайық, соңғы жылдары Әзербайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығыстар мен шиеленістер халықаралық қауымдастықтың назарынан түспей келеді. Қос тарап бейбітшілік орнатуға бағытталған келіссөздер жүргізіп жатқанымен, әлі нақты келісім жасалған жоқ.