$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2025, 00:30
Әлем

Қытайда көлікте отырған 5 адам көз жұмды

Тау көшкіні бірнеше адамның өмірін қиды

Қытайда көлікте отырған 5 адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Қытайдың оңтүстік-батысында тас жолды басып қалған көшкіннен бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеңіл көлік үйінді астында қалған

«Синьхуа» агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға Пуэр қаласы аумағында болған, онда тау жынысы ауыл жолын басып қалған. Үйінді астында жеңіл көлік қалып қойып, жолаушылар мен жүргізуші көз жұмды.

«Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында жексенбі күні болған көшкін салдарынан бес адамның қаза тапқаны расталды», - делінген хабарламада.

Құтқару операциясы басталды

Басылымның хабарлауынша, құтқару операциясына 80-нен астам адам қатысқан, олардың арасында өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ медицина және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері бар. Сондай-ақ бес экскаватор тартылды.

Қазір апаттың салдарын жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан ауылдағы жолдарды су шайып кеткені хабарланған болатын. Жаңбыр суы тұрғын үйлердің ауласын да басып қалған.

Серіктес жаңалықтары