Словакияда ұшақ апатқа ұшырады
Мамандар ұшақ апатының себебін анықтауға кірісті

27 шілдеде Словакияның оңтүстік-батысындағы Тврдошовце елді мекенінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Словакия полициясы Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқару қызметі 81 жастағы ұшқыштың мәйітін тапты. Мамандар ұшақ апатының себебін анықтауға кірісті.
Еске сала кетейік, Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 әскери тікұшағы жоғалып кетті. Жоғалған тікұшақтың бөлшектері Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясынан табылды.
Құтқару жұмыстарына неше адам тартылды?
«Операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті жерде құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов басшылық жасап жатыр. Ол барлық тартылған бөлімшенің іс-әрекетін үйлестіреді.