$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 08:59
Әлем

АҚШ-та пышақ ұстаған ер адам дүкенде 11 адамды жарақаттады

Гранд-Траверс округінің полициясы оқиғаны тергеп жатыр

АҚШ-та пышақ ұстаған ер адам дүкенде 11 адамды жарақаттады
Фото: istockphoto.com

Мичиган штатының Траверс-Сити қаласындағы Walmart дүкенінде кем дегенде 11 адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап NBC News жазды.

Мичиган штатының полициясы X әлеуметтік желісінде күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы әзірге нақтыланған жоқ.

Munson медициналық орталығының өкілі Кэтрин Дьюидің мәліметінше бұл мекемеде 11 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның айтуынша, дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы мен алған жарақатының сипатын анықтауға кіріскен.

Гранд-Траверс округінің полициясы оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлады штат полициясы. Walmart өкілі компанияның құқық қорғау органдарымен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

ФБР де бұл оқиғаға назар аударып, «Гранд-Траверс округі шерифінің кеңсесіне кез келген қолдауды көрсетуге» дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде бюро директорының орынбасары Дэн Бонджино жазды.

Траверс-Сити Детройттан солтүстік-батысқа қарай шамамен 400 шақырым жерде орналасқан.

Серіктес жаңалықтары