$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2025, 23:20
Әлем

Трамп 50 күн ішінде Украина бойынша келісім жасалмаса, Ресейге 100% баж салығы енгізілетінін мәлімдеді

АҚШ Ресейдің сауда серіктестеріне де импорттық баж салығын енгізуді көздеп отыр

Трамп 50 күн ішінде Украина бойынша келісім жасалмаса, Ресейге 100% баж салығы енгізілетінін мәлімдеді
Фото: AP/ Evan Vucci

Вашингтон әкімшілігі егер Мәскеу мен Вашингтон 50 күн ішінде Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келісімге келмесе, Ресей мен оның сауда серіктестеріне шамамен 100% импорттық баж салығын енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі, 14 шілдеде мәлімдеді.

"Біз оларға (Ресей тарапына) өте, өте қатты наразымыз және 50 күн ішінде келісім жасалмаса, қатаң баж салығын енгіземіз. Баж шамамен 100% болады. Оны қайталама баж деп атауға болады", - деді ол Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінде.

Ол сондай-ақ екі ай бұрын Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келісімге қол жеткізіледі деп күткенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары