Бали аралында 53 жолаушысы бар кеме батып кетті
4 адам көз жұмды

Индонезияның Бали аралы жағалауында паром апатқа ұшырап, кемінде төрт адам мерт болды, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, сәрсенбі кешке суға кеткен кеменің бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Паром Шығыс Явадан Бали аралына бағыт алған.
«23 адам судан аман-есен шығарылды, төртеуі қаза тапты», - деп мәлімдеді AFP агенттігіне Ява аралындағы Баньванги қаласының полиция бастығы Рама Самтама Путра.
Паром Явадан шыққаннан кейін шамамен 25 минуттан соң суға батқан.
Кеме операторы апат алдында экипаждың қозғалтқышында ақау барын ескерткен екен. Паром бортында жолаушылардан бөлек жүк көліктері мен өзге де көліктер болған.
Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.