$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.05.2025, 04:01
Әлем

АҚШ-та жеті жасар бала қарындасын дәмханада тамақтандыру үшін көлікті айдап кеткен

Ол 16 километр жол жүргеннен кейін көлік тұрағына соғылған

АҚШ-та жеті жасар бала қарындасын дәмханада тамақтандыру үшін көлікті айдап кеткен
Фото: istockphoto.com

АҚШ-тың Юта штатында жеті жасар бала бес жасар қарындасын көлікке отырғызып, "Макдональдс" дәмханасына апармақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы ABC4 журналистеріне Огден қаласының полиция басқармасы хабарлады.

«Балалар жол апатына ұшырағанына қарамастан, екеуі де зардап шекпеді, полиция қызметкерлерімен бірге үйіне аман-есен оралды», - деп аталып өткен жазбада.

Оқиға 27 сәуірде таңертең болған. Полицияға Клирфилдтен Огденге апаратын тас жолдың бойында келе жатқан біртүрлі жүргізуші туралы куәгерлер хабарлаған.  

"Кішкентай баланың көлік айдап бара жатқанын көрген полицейлер қуғындамауға шешім қабылдаған. Олар сиренаны өшіріп, баланың ізіне түсуді тоқтатады. Біраз уақыттан кейін ол көлік тұрағына соғылған. Балалар апаттан зардап шеккен жоқ, олар көліктен өздері түскен", - дейді журналистер.

Балалар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, көлік айып тұрағына қойылды. Балалардың анасы не болғанын полиция қызметкерінен білген. Әйел таң атпай тұрғанын, бірақ төрт баласы әлі оянбағандықтан қайта төсекке жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #бала