07.05.2025, 08:57
Әлем
Өзбекстанда сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады
Сырттай оқудың орнына баламалы білім беру жүйесі дамытылады
Фото: pixabay
Өзбекстанда 2025 жылдан бастап сырттай оқуға қабылдау тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Uznews хабарлауынша, сырттай оқып жүрген студенттер әдеттегідей оқуын жалғастырады.
Президент Шавкат Мирзиеевтің жарлығымен сырттай оқудың орнына баламалы білім беру жүйесі дамытылады. Мұндай оқу формасына қабылдау күндізгі оқуға қабылдаудың 50%-нан аспауы керек.
Баламалы білім беру үшін белгіленген квотадан асырып жіберу өрескел құқық бұзушылық болып саналады және білім беру мекемесінің лицензиясынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық жоғары оқу орнында білім сапасын қадағалайтын арнайы бөлімдер құрылады.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды