$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2025, 04:03
Әлем

Өзбекстан президенті футболшылардың әрқайсысына автокөлік сыйлады

Жеңімпаз атанған жас футболшыларды отандастары сән-салтанатымен қарсы алды

Өзбекстан президенті футболшылардың әрқайсысына автокөлік сыйлады
Фото: ru.freepik.com

Футболдан Өзбекстан жастар құрамасы Сауд Арабиясында өткен Азия кубогын жеңіп алды. Әрбір жас футболшы президент Шавкат Мирзиеевтің атынан Chevrolet Cobalt алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиын Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында өтті. Чемпиондарды олардың отбасылары мен достары, жанкүйерлері мен жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Салтанатты шарада Өзбекстан Республикасы президентінің, Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының құттықтау хаты, сондай-ақ турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау туралы жарлық оқылды.

Жас футболшыларға Cobalt автокөлігінің кілті табыс етілсе, бас бапкерге Equinox табысталды.

Серіктес жаңалықтары