Үйсіз-күйсіз жүрген ер адам лотереядан 1 миллион доллар ұтып алды

Автор: Алмас Ерсін

Қаңғыбас ұтысты алғаннан кейін жаңа өмір бастауға ниеттеніп отыр

Фото: pixabay

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Луис-Обиспо қаласында ер адам Sandy's Deli-Liquor маркетінен лотерея билетін сатып алып, миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

KSBY телеарнасының мәліметінше дүкен менеджері Уилсон Самаан мұнда 2013 жылдан бері жұмыс істейтінін және оның тұтынушыларының бірі алғаш рет ірі соманы ұтып алғанын айтқан. Сатушы жеңімпаздың үйсіз-күйсіз жүрген адам екенін атап өтті. Қаңғыбас ұтысты алғаннан кейін жаңа өмір бастауға ниеттеніп отыр.

Тексеру процесі бірнеше аптадан екі айға дейін созылуы мүмкін. Ол телевизияға сұхбат беруден бас тартты, бірақ камерадан тыс жерде жағалаудан үй алуға бастапқы жарна салып, көлік сатып алатынын атап өтті.