Пасха бітімі 19 сәуірде сағат 18:00-ден 21 сәуірде 00:00-ге дейін созылады
Ресей президенті Владимир Путин Ресей Қарулы күштері бас штабының бастығы және қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Валерий Герасимовпен кездесуі барысында Ресей тарапы Украинаға қарсы барлық әскери іс-қимылды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кремль сайтының мәліметінше Пасха бітімі 19 сәуірде сағат 18:00-ден 21 сәуірде 00:00-ге дейін созылады.
«Бүгін сағат 18.00-ден дүйсенбіге қараған түні 00:00-ге дейін ресейлік тарап Пасха бітімін жариялады. Осы мерзімде барлық әскери іс-қимылды тоқтатуды бұйырамын. Украина жағы да бізден үлгі алады деп ойлаймыз. Сонымен бірге біздің әскер бітімнің ықтимал бұзылуына және қарсыластың арандатушылығына, оның кез келген агрессивті іс-әрекетіне тойтарыс беруге дайын болуы керек», - деді Ресей президенті.
Сонымен бірге Путин Ресей Қарулы күштері «толық көлемде дереу жауап беруге дайын болуы керек» деп атап өтті.