Пхукетте жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)
Оқиға 1 сәуірден 2 сәуірге қараған түні болған

1 сәуір, түнгі сағат 00:45 шамасында Пхукеттегі Bypass Rd. шоссесінде болған жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Өкінішке қарай, марқұм Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Vachira Phuket ауруханасының мәліметінше, марқұм Қазақстан азаматы болған. Honda Forza маркалы мотоциклін басқарған жүргізуші қатты келе жатып, жарық бағанына соғылған. Соққының күштілігінен оның денесі екіге бөлініп кеткен.
Kusoldharm қорының құтқарушылары апат туралы қысқаша хабарлама жариялап, қаза тапқан адам Ресей азаматы болуы мүмкін деп болжаған еді. Дегенмен, Vachira Phuket ауруханасы марқұмның Қазақстан азаматы екенін және Пхукетте тұрып, жұмыс істегенін растады.
Редакция осы апат пен қаза тапқан азамат туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сұрау жіберді.