$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп Мексика мен Канадаға қатысты жарлығын кейінге қалдырды

Канада мен Мексика басшылары Трамппен келісімге келді 

Трамп Мексика мен Канадаға қатысты жарлығын кейінге қалдырды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Трамп Канада мен Мексикаға баж салығын салу туралы ойынан айныды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BILD-ке сілтеме жасай отырып.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен келісімге келіп, 4 ақпанда салынатын баж салығын кейінге қалдырды. Оның өтеуі ретінде Мексика заңсыз көші-қон мен есірткі трафигіне тоқтау салу үшін АҚШ шекарасына 10 000 сарбаз жібермек.

Ал Канада тауарына салынатын баж салығы бір айға кейінге қалдырылады. Канада шекара мәселесіне қыруар қаражат жұмсамақ.

«Канада мен АҚШ шекарасы жаңа тікұшақтармен, технологиямен қаматамасыз етіледі және қызметкерлер көбейтіледі. Фентанил тасымалымен күресу үшін ресурстар ұлғаяды. Оған 1,3 миллиард доллар жұмсалады», - деді Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.

Трамптың Қытайға 10 пайыздық баж салығын енгізу туралы шешімі өз күшінде қалды. Бейжің жауап ретінде АҚШ-қа қарсы баж салығын ұлғайтты. Олар АҚШ-тан келетін көмір мен сұйытылған газға қосымша 15%, ал мұнай мен ауылшаруашылық машиналарына 10% салық салмақ.

Бұған дейін Трамп Мексика, Канада мен Қытайды АҚШ-қа заңсыз иммигрант жібермеу, есірткі тасымалдамауға берген уәделерін орындату үшін импортқа баж салығын салмақ болған.

Серіктес жаңалықтары