$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тағы әуе апаты: қара жәшіктегі мәлімет бір айда дайын болады

Шенеуніктер апат себебіне қатысты болжамын айтты 

АҚШ-тағы әуе апаты: қара жәшіктегі мәлімет бір айда дайын болады
Фото: x.com/NTSB

АҚШ-та құлаған ұшақтың қара жәшігі 30 күнде оқылып бітеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

DW-нің жазуынша, Вашингтон аэропортына жақын маңда тікұшақпен соқтығысқан American Airlines компаниясы ұшағының қара жәшігі табылған. Потомак өзеніне құлап түскен жолаушылар ұшағы үшке бөлініп кеткен. Қазіргі уақытқа дейін 27 адамның мәйіті табылды, қалғандары өлдіге саналып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп 67 адамның ешқайсысы тірі қалмады деп ресми мәлімдеген.

Борттың қара жәшігі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің зертханасына жеткізілді.

Шенеуніктер әуе апатына Рональд Рейган әуежайындағы диспетчерлерінің жетіспеуі себеп болды деп болжайды. Аэропортта бір диспетчер ұшақ пен тікұшақтың қозғалысына бағдар беріп тұрған, ол жерде екі диспетчер қызмет ету керек еді.

Бұған дейін хабарланғандай, жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған, соның ішінде бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та көз жұмды. Олар АҚШ-та жас конькишілерді жаттықтырып жүрген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #Ұшақ апаты