Босып кеткен адамдар қирап қалған шаңырақтарына қайтып жатыр
Солтүстік Газаның спутниктен түсірілген жермен-жексен болған фотолары көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Газа секторының солтүстігінде орналасқан Жабалия ауданының 2023 жылғы 8 қазан мен 2025 жылғы 19 қаңтардағы спутниктіктен түсірілген суреттерінде олардың айырмашылығы анық білінеді.
Газаның қауіпсіздік қызметі өкілінің сөзінше, бақылау-өткізу пункті ашылғаннан бастап, босып кеткен 200 мыңға жуық адам екі сағаттың ішінде Газадағы үйлеріне қарай жаяу қозғала бастады.
Биліктің мәлімдеуінше, Газаның солтүстік аудандарына қайтқан халыққа 135 мың шатыр мен фургон қажет.
Еске салсақ, Израиль мен ХАМАС ұйымы арада 15 ай өткенде соғысты тоқтату туралы келісімге келген.