Қызыл жалынның аумағы 2 мың шашры метрден асты
АҚШ-тың Калифорния штатының Лос-Анджелес округінде орман өрті тіркелді. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт аумағы 2 мың шаршы метрден асты. Бұл туралы Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаменті хабарлады.
Өрт Лос-Анджелес қаласының орталығынан солтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жерде, Кастайк көлінің жанындағы Хьюз жолының маңында тіркелді. Қызыл жалын жан-жаққа тез тараған. Эвакуацялау шаралары қолға алынды.
Лос-Анджелес – АҚШ-тың халық ең көп қоныстанған штаттарының бірі. Жыл басынан бері бірнеше өрт оқиғасы тіркеліп, 28 адам мерт болды. Мыңдаған ғимараттар жанып кетті.