$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2025, 20:15
Әлем

Жаңбыр салдарынан 18 адам қайтыс болды

Синоптиктер болжамына сәйкес тағы да нөсер болмақ

Жаңбыр салдарынан 18 адам қайтыс болды
Фото: istockphoto.com

Боливияда қарашада басталған жаңбыр толастамай тұр. Нөсер маусымы басталғаннан бері 18 адам мерт олған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің азаматтық қорғаныс министрінің орынбасары Хуан Карлос Кальвимонтес хабарлағандай, бұл жағдай табиғи апат 50 мыңнан астам отбасына әсер етті.

«Он екі муниципалитет апат аймақтары деп жарияланды, тағы 55-і су тасқыны мен көшкінге байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Алдағы апталарда синоптиктер жаңа су тасқынын тудыруы мүмкін қатты жаңбырдың жалғасатынын болжап отыр», - деді шенеунік.

Қазіргі уақытта билік жергілікті әкімдермен төтенше ауа-райының жағымсыз салдарын азайту және ең көп зардап шеккен қауымдастықтарға көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар жоспарын келісуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жаңбыр