Үндістанда теміржол апаты болып, 13 адам қаза тапты
Қайтыс болған адамдардың кейбірінің жеке тұлғасы анықталған жоқ

Үндістанда теміржол апаты болып, қаза тапқандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, апаттан 15 адам зардап шеккен, олардың 10-ы әлі де ауруханаларда жатыр. Қайтыс болған 13 адамның ішінен полиция әзірге сегізінің ғана жеке тұлғасын анықтай алды. Апат сәрсенбі күні кешке Махараштра штатының астанасы Мумбайдан солтүстік-шығысына қарай 425 шақырым жерде орналасқан Жалгаон ауданындағы Печорада болды. Полиция жүргізген алдын ала тергеу нәтижелері бойынша пойыз тоқтау кранының істен шығуына байланысты тоқтады. Өрттен қорққан жолаушылар жүріп бара жатқан поездан секіріп шығып, басқа пойыздардың астына түскен.