22.01.2025, 22:10
Әлем
Қырғызстанның астанасы басқа жерге көшірілуі мүмкін
Бұл ұсынысты кептелістен мезі болған депутаттар жасады
Фото: istockphoto.com
Жогорку кенеш депутаттары Бішкектегі кептеліс мәселесін шешуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен астанамызды басқа жерге көшіруді ұсынамын. Бұл мәселені қарастыру керек. Ыстықкөл облысында Асман қаласы салынып, оған 10 миллиард сом инвестиция тартылып жатыр. Темір жолды елорданың сыртына жылжыту үшін 550 миллион доллар, ал айналма жол салу үшін 1 миллиард доллардан астам қаражат қажет. Егер астананы көшіріп, министрлер кабинетін қала сыртына көшірсе, кептеліс мәселесі шешіледі», – деді депутат Бақытбек Марипов.
Бұған дейін Бішкектегі кептеліс мәселесін шешу үшін депутат Эльмурза Сатыбалдиев Бішкек әкімдігіне оң рульді көліктерге кіруге тыйым салуды ұсынған болатын.
Көп оқылған
27.07.2026, 14:47
Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өтірді
27.07.2026, 11:55
«Төрт ай төсекке таңылып жаттым»: Алла Пугачева ауыр жарақаты туралы алғаш рет ашық айтты
27.07.2026, 13:12
Емханаларда жаңа тәртіп: кейбір дәрігерлерге жолдамасыз қаралуға болады
27.07.2026, 16:06
36 дропперлік топ 113 млрд теңгені өткізген: ҚМА басшысы Тоқаевқа сұмдық жағдайлар туралы есеп берді