$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ

Өткен демалыс күндері Қатарда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер жанданды

Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Фото: AFP

ХАМАС Израильмен бітімге келген жағдайда 34 тұтқынды қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Израиль билігі 34 адамның тізімін арадағы делдалдар арқылы 2024 жылдың шілде айында бергенін айтады. Сондықтан бұл адамдардың нешеуі тірі екенін әзірге белгісіз. Тізімде 50 мен 80 жас аралығындағы 10 әйел мен 11 ер адам бар, сонымен бірге Израиль соққысынан қаза тапты деп хабарланған балалардың да аты-жөні бар. ХАМАС-тың мәлімдеуінше, тұтқындар ішінде науқастар бар.

«ХАМАС 34 тұтқынды тірі-өлісіне қарамастан қайтаруға даяр», - деді ХАМАС өкілі AFP агенттігіне. Бірақ Израиль премьер-министрінің әкімшілігі тізімді ХАМАС жасамағанын, керісінше Израиль  тарапы адамдарын түгендеп, тізімді өткен шілдеде беріп жібергенін айтты.

Өткен демалыс күндері Қатарда Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер қайта басталды.  

Хамас өкілі Reuters агенттігіне мәлімдеме жасап, Израиль Газадан әскерін шығарып, атысты түпкілікті тоқтатуға келіскен жағдайда ғана, тұтқындарды босата алатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары