Оларды жылдың тек бір уақытында кездестіруге болады
Өте сирек кездесетін соқыр, алтын түстес түкті көртышқан Австралияның түкпірінен табылды. Солтүстік қалталы көртышқан немесе какарратул деп аталатын мақұлық елдің адам аяғы баспайтын шалғай аймақтарында өмір сүреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың саны да белгісіз. Алақандай ғана тіршілік иесінің денесін жібектей жұмсақ, алтын түсті түк басқан, оның құйрығы қысқа, жүзбе тәрізді аяғы бар.
Олар ондаған жылда көзге бір түседі. Какарратулды жергілікті рейнжерлер тауып, суретке түсірген.
"Қалталы көртышқанның ерекшелігі – олар адам баласы үшін әлі де жұмбақ мақұлық. Көртышқандар құмды шөлдерде оқшауланып өмір сүреді. Далаға сирек шығады. Олар құмның арасында теңізде жүзген балықтай жүзе алады", - дейді шөлді жерлердің табиғатын зерттеуші Гарет Кэтт.