16.11.2026, 06:33
Әлем

Филиппинде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпулері Филиппин жағалауында болған

Филиппинде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Филиппин жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жерасты дүмпулері 15 қараша, жексенбі күні кешке тіркелді. Әзірге табиғи апаттың салдары туралы ақпарат жоқ.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Юнион елді мекенінен шығысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 21:41-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жарияланған жоқ.