Бүгін, 02:16
Әлем

Израильдің оңтүстігінде жер сілкініп, әуежай жұмысы тоқтады

Магнитудасы 4,5 болған жер сілкінісінен кейін жолаушылар әуежайдан эвакуацияланды

Израильдің оңтүстігінде жер сілкініп, әуежай жұмысы тоқтады
Фото: istockphoto.com

Израильдің оңтүстігінде, Мысыр шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Эйлат қаласында сезіліп, Рамон халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Израиль геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Мысырдың Синай түбегіндегі Таба ауданына жақын жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен сегіз шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен кейін әуежайдағы жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды. Әуе рейстері уақытша тоқтатылып, мамандар әуежай инфрақұрылымы мен нысандарын тексеруге кірісті. Тексеру жұмыстарына қауіпсіздік қызметінің мамандары да тартылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан қирау немесе адам шығыны тіркелмеген. Әуежайдың қауіпсіздігі толық тексеріліп, тиісті қорытынды жасалғаннан кейін әуе рейстері қайта жандануы мүмкін.