30.10.2026, 10:58
Әлем

Binance криптобиржасы хакерлік шабуылдан 6,3 млрд теңгесінен айырылып қалды

Компанияның мәліметінше, әзірлеуші инженердің ноутбугына хакерлік шабуыл жасалған болуы мүмкін

Binance криптобиржасы хакерлік шабуылдан 6,3 млрд теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance хакерлік шабуылдан 6,3 млрд теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания қазіргі уақытта салымдар мен ақша алу процесін уақытша тоқтатып, пайдаланушылардың барлық шығынын өтейтінін мәлімдеді.

Криптобиржаға шабуыл жасалғаны, бастапқыда 3,5 млрд доллар белгісіз әмиянға аударылғаны туралы алғашқы ақпарат 29 қазан күні тарала бастады. Осыдан кейін криптовалюта эмитенттері оқиғаға байланысты болуы мүмкін активтерді тоқтатып қойды.

Binance қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Компанияның алдын ала мәліметіне сәйкес, бұл оқиға әзірлеуші инженердің ноутбугына хакерлік шабуылдан басталған.

«Binance компаниясының алғашқы тергеуі DevOps инженерінің ноутбугына жасалған шабуылдан болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл оның қызмет контейнеріне кіруге және рұқсатсыз ақша алуына мүмкіндік берді. Біз әмиянның құпия кілтінің таралып кетуі мүмкін деген жағдайға байланысты ешқандай дәлел таппадық. Тергеу аяқталғаннан кейін және фактілер толық расталған соң техникалық талдау нәтижесін жариялаймыз», – деп жазды компания.