Бүгін, 02:39
Әлем

Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті

Тағы 4 996 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында

Непалдағы көшкіннен қаза тапқандар саны 1355 адамға жетті
Фото: REUTERS

Непалдың солтүстігінде болған жойқын көшкіннен қаза тапқандар саны 1 355 адамға жетті. Тағы 4 996 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, жаңартылған ақпаратты Непалдың Табиғи апаттар қаупін азайту жөніндегі ұлттық басқармасы жариялады. Деректер жергілікті уақыт бойынша 7 қыркүйек сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес келтірілген.

Зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Непалдағы жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 1 344 адамға жеткені хабарланған еді.

Еске салайық, 26 тамызда Қытай мен Непал шекарасындағы таулы аудандарда көшкін жүргеннен кейін алапат су тасқыны болды. Непалдағы Бхоте-Коши өзеніне қуатты су ағыны лап беріп, Расува округінде елеулі қирауларға әкелді.