Бүгін, 00:19
Әлем

Франциядағы аптап ыстық: жүзім өнімі соңғы 30 жылдағы ең төмен деңгейге түсуі мүмкін

Аптап ыстық пен қуаңшылық салдарынан шарап өндірісі былтырғыдан 6%-ға төмендеуі мүмкін

Франциядағы аптап ыстық: жүзім өнімі соңғы 30 жылдағы ең төмен деңгейге түсуі мүмкін
Фото: istockphoto.com

Франциялық шарап өндірушілер биыл соңғы 30 жылдағы ең төмен жүзім өнімін жинауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Франция Ауыл шаруашылығы министрлігінің Agreste статистикалық қызметінің мәліметінше, елде шарап өндірісінің көлемі шамамен 34 млн гектолитр болады деп болжанып отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 6%-ға, ал соңғы бес жылдағы орташа деңгейден 17%-ға төмен.

Басты себеп – жаздағы қалыптан тыс аптап ыстық пен қуаңшылық. Ел бойынша топырақ қатты құрғап, кей жерлерде жүзім солып қалған, ал жапырақтарын күн күйдірген. Жүзім алқаптарының көлемі де былтырмен салыстырғанда 2,5%-ға қысқарған.

Бургундия мен Шампань өңірлеріндегі жағдай ең күрделі. Мұнда өнім шығыны 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Ал Лангедок-Руссильонда алқаптардың қысқарғанына қарамастан, өнім көлемі 5%-ға артады деп күтіліп отыр. Дегенмен бұл көрсеткіш өнім көлемі күрт төмендеген 2025 жылмен салыстырылып отыр.