05.09.2026, 22:29
Әлем

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты

Тағы 4,9 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында

Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
Фото: AP Photo

Непалдағы жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 1344 адамға жетті. Тағы 4898 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW басылымына сілтеме жасап.

Жаңартылған деректерді 5 қыркүйекте ел полициясы жариялады.

Табиғи апат осыдан он күн бұрын болған. Арада осынша уақыт өтсе де, құтқарушылар үйінділерді аршып, адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. 5 қыркүйекте лай мен тас басып қалған электр станциясының 225 метрлік туннелінен Қытай азаматы табылып, құтқарылды. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен үйден Непал тұрғыны аман алып шықты.

Сарапшылардың мәліметінше, табиғи апатқа Тибет аумағындағы мұздықтың ауқымды опырылуы себеп болуы мүмкін. Су, лай және мұз араласқан күшті ағын көшкін туғызып, кейін Бхоте-Коши өзені арнасынан асқан.

Табиғи апат тұтас елді мекендерді қиратып, көптеген тұрғын баспанасы мен дүние-мүлкінен айырылды. Мыңдаған құтқарушы үйінділер мен көміліп қалған туннельдерде із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.

Құтқару жұмыстарына қолайсыз ауа райы мен жаңа су тасқынының қаупі кедергі келтіруде.