Инфекция 47 штатта анықталып, екі адам қайтыс болды
АҚШ-та мамыр айының басынан бері циклоспора жұқтырған 15 716 жағдай тіркелді. Ауру елдің 47 штатында анықталған. 828 адам ауруханаға жатқызылып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Surveillance of Cyclosporiasis-ке сілтеме жасап.
Мамандар аурушаңдықтың өсуін, соның ішінде, Мексиканың орталық бөлігінен жеткізіліп, кейін сатылымнан қайтарылған айсберг салатына байланысты болуы мүмкін індет ошағын тексерумен байланыстырады. CDC сондай-ақ жұқтыру көзі әзірге белгісіз басқа жағдайларды да зерттеп жатыр.
«Тағы 1681 жағдай АҚШ-тан тыс жерлерге сапар кезінде жұқтырған адамдар арасында тіркелді. 61 науқас ауруханаға жатқызылды, өлім жағдайлары болған жоқ», – делінген сайтта.
Циклоспориазды ішекті зақымдайтын Cyclospora паразиті тудырады. Инфекция ластанған тағам мен су арқылы жұғуы мүмкін. Сонымен қатар ауырғандардың барлығы бірдей дәрігерге жүгіне бермейтіндіктен, нақты жағдайлар саны ресми статистикадан көп болуы ықтимал.