Бүгін, 07:02
Әлем

Египетте 5,6 балдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпуі Суэц маңында тіркелді, әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ

Египетте 5,6 балдық жер сілкінісі болды
Фото: © istockphoto.com

Мысырда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.

 Бұл туралы Египеттің Ұлттық астрономия және геофизика ғылыми-зерттеу институты мәлімдеді.

Деректерге сәйкес, жер сілкінісі 3 тамызда Суэц қаласынан солтүстікке қарай 38 шақырым жерде болған.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Соған қарамастан, Мысырдың Қызыл Жарты Ай қоғамы жер асты дүмпуі сезілген провинцияларда төтенше жағдайларға ден қою жоспарын іске қосқанын хабарлады.

Ұйым тұрғындарды құрылымына зақым келгені байқалатын ғимараттарға жақындамауға және құзырлы органдар жағдайды бағалап жатқан кезде ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын бақылап отыруға шақырды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.ф