Трамп Иранға жасалатын жаңа соққыларды кейінге қалдырғанын мәлімдеді

АҚШ басшысы бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды

Трамп Иранға жасалатын жаңа соққыларды кейінге қалдырғанын мәлімдеді
Фото: Kevin Dietsch / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен ықтимал келісімге келу үшін Иранға қарсы жаңа әскери соққыларды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ басшысы бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Трамптың айтуынша, Вашингтон Иранға «Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған әскери қуатпен» соққы беруге дайын отырған.

Дегенмен, Иран тарапы мен Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекет АҚШ-тан шабуылды тоқтата тұруды өтінген. Өйткені тараптар келісімнің негізгі шарттарын өзара келісіп үлгерген көрінеді.

«Мен бүкіл әлемнің амандығы, сондай-ақ табысты әрі гүлденген Иранның аман қалуы үшін қысқа мерзімде келісім жасалуы шартымен шабуылды тоқтатуға келістім», — деп жазды Дональд Трамп.

АҚШ президенті бұл дипломатиялық реттеу бастамасын Израиль мемлекеті де қолдап отырғанын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Таяу Шығыстағы саяси шиеленіс күшейіп тұрған сәтте жасалды. Иран айналасындағы тұрақсыз жағдай әлемдік мұнай нарығына және аймақтағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп отыр.