Дональд Трамп Иранға жаңа соққылар жасайтынын айтып сес көрсетті
Америка басшысы Тегеран билігі «бұдан былай шыдай алмаймыз» дегенге дейін бар күш-жігерді қолданатынын атап өтті
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Тегеранға қысымды күшейту үшін Иранның инфрақұрылымына жойқын соққылар жасауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Америка басшысы Тегеран билігі «бұдан былай шыдай алмаймыз» дегенге дейін бар күш-жігерді қолданатынын атап өтті. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Трамп Иранды эскалациядан бас тартқызуға бағытталған жаңа әскери операциялар сериясын дайындауға бұйрық берген. Алдағы демалыс күндері басталуы мүмкін бұл соққылар келіссөздерде ілгерілеу болған жағдайда тоқтатылуы ықтимал.
CBS News телеарнасы АҚШ пен Израиль Иранның мұнай өңдеу зауыттары мен электр станциялары сияқты энергетикалық инфрақұрылымына бірлескен операция жасауды қарастырып жатқанын хабарлады.
Соғыс ошағының ушығуына бірнеше фактор әсер етті. Шілде айында АҚШ Ислам революциясы сақшылар корпусының Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төндірген қаупін азайту мақсатында Иранның әскери нысандарына соққы жасады. Бұған жауап ретінде Тегеран көрші елдердегі америкалық әскери базаларға шабуыл ұйымдастырды. Ал The New York Times басылымының жазуынша, Вашингтон Patriot және басқа да әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандардың тапшылығы, сондай-ақ жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупіне байланысты кейінгі соққыларды бірнеше күнге шегерген.
Алайда 30 шілдеде АҚШ әскерилері аймақтағы американдық әскерилерді зымыранмен атқылау әрекетіне жауап ретінде Иран нысандарына қайтадан соққы берді.