24.07.2026, 23:27
Әлем

Қытай зымыраны ұшырылған сәтте оған найзағай түсті

Найзағайға қарамастан, зымыран спутникті орбитаға сәтті шығарды

Қытай зымыраны ұшырылған сәтте оған найзағай түсті
видеодан скриншот

Қытайдың Long March 3B зымыраны Сичан ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін көп ұзамай найзағайға тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерекше жағдай зымыран ұшырылғаннан кейінгі алғашқы секундтарда болған. Алайда бұл оқиға миссияның орындалуына кедергі келтірмеді.

Найзағай түскеніне қарамастан, зымыран Tianlian-2 06 байланыс спутнигін орбитаға сәтті шығарды.

Бұл ұшыру Қытайдың екінші буындағы Tianlian-2 спутниктік жүйесін дамытудың кезекті кезеңі болды. Жаңа аппарат осы желідегі алтыншы спутник атанды. Ол ғарыш аппараттары мен жерүсті станциялары арасындағы байланысты жақсартып, қамту аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.