20.07.2026, 06:32
Әлем

АҚШ Иранға әуе соққыларын жалғастырып жатыр

АҚШ әскері Иранға тоғызыншы түн қатарынан әуе соққыларын жасап, бірнеше қалада жарылыстар тіркелді

АҚШ Иранға әуе соққыларын жалғастырып жатыр
Фото: © istockphoto.com

Дүйсенбіге қараған түні АҚШ Иранға жаңа соққылар сериясын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ әскері Иранға тоғызыншы түн қатарынан соққы жасап жатыр. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«CENTCOM күштері Иранға соққының жаңа легін бастады. Бұл — қатарынан тоғызыншы түн. Шабуылдар Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелері мен азаматтық теңізшілерге қарсы қолданылып жүрген Иранның әскери мүмкіндіктерін әлсіретуді жалғастырады», – деп мәлімдеді CENTCOM дүйсенбіге қараған түні.

Иранның Tasnim агенттігінің мәліметінше, Тебриз, Чабахар, Кенарк, Бендер-Махшехр қалаларында, сондай-ақ Иранның ең ірі айлағы – Имам Хомейни портында жарылыстар болған.