Тегеранда Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Рухани көшбасшымен қоштасу рәсімі 3-9 шілде күндері өтеді

Фото: Khamenei in Tehran, Iran, February 9, 2026. Office of the Iranian Supreme Leader/WANA/Handout via REUTERS

Тегерандах Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиді ақырғы сапарға шығарып салу рәсімі басталды. Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, қаралы шараның алғашқы күніне шетелдік делегациялар қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рухани көшбасшымен қоштасу рәсімі 3-9 шілде аралығында өтеді. Қаралы шаралар кестесі төмендегідей жоспарланған:

Әли Хаменеидің мәйіті Тегеранның шығысында орналасқан «Мосалла» ірі діни кешеніне қойылады. Мұнда кез келген Иран тұрғыны Рухани көшбасшымен қоштаса алады.Тегеранда жаппай қаралы шеру өтеді.

Жоғарғы көшбасшының денесі елдің басты теологиялық орталығы әрі шиит дінбасылары үшін қасиетті қала саналатын Құм шаһарына жеткізіледі.

Әли Хаменеидің денесі Иракқа жөнелтіледі. Мұнда шиит әлеміндегі ең жоғары діни құрмет белгісі ретінде Наджаф және Кербела қалаларындағы басты шиит зираттарында қаралы рәсімдер өтеді. Бұл шараға миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Жерлеу рәсімі Мешхед қаласында өтеді. Хаменеи туған бұл шаһар Ирандағы маңызы жағынан (Құмнан кейінгі) екінші діни қала болып табылады. Ол Имам Реза кесенесіне жерленеді.