АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы арзандады

Доллар бағамы тұрақты 

АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы арзандады
Фото: Freepik

АҚШ пен Иран президенттерінің уақытша бейбіт келісімге қол қоюы аясында әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады. Инвесторлар Таяу Шығыстағы соғыстың тоқтау мүмкіндігін оң бағалап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters агенттігінің мәліметінше, ресми құжатқа сәйкес, сәуір айында бекітілген соғысты тоқтату режимі тағы 60 күнге ұзартылды. Тараптар осы уақыт аралығында түпкілікті бітім шарттарын өзара келіседі. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран міндеттемелерін орындамаса, соққыларды қайта бастап, Иран шенеуніктерін нысанаға алатынын айтып сес көрсетті.

Келісімнен кейін Brent маркалы мұнай 1,4%-ға төмендеп, барреліне 78,41 доллар болды. WTI мұнайы 1,25%-ға арзандап, барреліне 75,83 долларға бағаланып отыр. Жаһандық геосаяси жағдай аясында АҚШ доллары халықаралық нарықтағы позициясын сақтап қалды, бұл оның Қазақстандағы бағамының 452,10 теңге деңгейінде тұрақтауына әсер етті. Еуро бағамы 0,1%-ға өсіп, 1,1511 долларға жетті.

Мұнай бағасының арзандауы энергия ресурстарын сырттан таситын Еуропа елдеріндегі экономикалық дағдарыс қаупін сейілте бастады. Халықаралық энергетикалық агенттік Ормуз бұғазы қайта ашылғаннан кейін мұнай нарығы толық қалпына келіп, 2027 жылға қарай әлемде шикізат ұсынысы сұраныстан айтарлықтай артық болатынын болжап отыр.