АҚШ-тың мұнай танкеріне жасаған шабуылынан қарапайым үндістандық азаматтар қайтыс болды

Кеме бортында 24 үндістандық теңізші болған

АҚШ-тың мұнай танкеріне жасаған шабуылынан қарапайым үндістандық азаматтар қайтыс болды
Фото: ВВС

Үндістанның үш азаматы АҚШ-тың Оман шығанағында мұнай танкеріне жасаған соққысынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Палау туын көтеріп жүзген «MT Settebello» кемесінің бортында 24 үндістандық теңізші болған. АҚШ Орталық қолбасшылығы танкерді «Иран порттарына жарияланған әскери блокада талаптарын бұзды және ескертуге бағынбады» деп айыптап, кеменің машина бөліміне зымыран ұшырған. Оқиға барысында 21 теңізші құтқарылды.

Осымен АҚШ Оман шығанағында үндістандық экипажы бар коммерциялық кемелерге екінші рет шабуыл жасап отыр.

Үндістан үкіметі бұл оқиғаға байланысты АҚШ-тың Делидегі миссиясы басшысының орынбасарын шақырып, ресми наразылық білдірді. Үндістан теңізшілері кәсіподағының бас хатшысы Манодж Ядав кемеде азаматтық тұлғалардың бар екенін Вашингтонның білмей қалуы мүмкін емес екенін жеткізді.

Ресми Дели аймақтағы азаматтық және коммерциялық кемелерге жасалып жатқан шабуылдарды дереу тоқтатуды талап етіп отыр.