Қазір хантавирусқа қарсы ресми мақұлданған вакцина да, арнайы ем де жоқ
MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус инфекциясы тіркелгеннен кейін британ ғалымдары жаңа вакцина әзірлеу жұмысын жеделдетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Мамандарды әсіресе Andes штаммы алаңдатып отыр. Бұл – хантавирустың ең қауіпті түрлерінің бірі. Ол ауыр асқынуларға әкеліп, адам өліміне себеп болуы мүмкін. Қазір хантавирусқа қарсы арнайы ем де, ресми мақұлданған вакцина да жоқ.
Бұған дейін Бат университетінің зерттеу тобы Хантаан вирусына қарсы тәжірибелік мРНҚ-вакцина жасап жатқан. Ғалымдардың айтуынша, ол жануарларға жүргізілген сынақтарда жақсы нәтиже көрсеткен. Жоба жетекшісі Асель Сартбаева бұл технология болашақта түрлі хантавирустарға қарсы вакцина жасауға негіз болуы мүмкін екенін айтты.
Алайда зерттеушілер Andes штаммына қарсы тиімділігі әлі дәлелденбегенін атап өтті.
Жоба Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Ғалымдар вакцинаны өте төмен температурасыз сақтауға мүмкіндік беретін технологияны дамытуда. Қазір препаратты кәдімгі тоңазытқышта сақтау мүмкін болған. Болашақта оны бөлме температурасында сақтау көзделіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі жағдайды жаһандық пандемия қаупі ретінде бағаламайды. Мамандардың пікірінше, хантавирустың таралу ықтималдығы төмен.