Тегеран Вашингтонды халықаралық міндеттемелерді бұзды деп айыптап отыр
Иран үкіметі АҚШ-қа қарсы Гаагадағы арбитраждық трибуналға талап арыз түсіріп, Вашингтонды «Иранның ядролық нысандарына қарсы әскери агрессия жасады», «экономикалық санкциялар енгізді» және «күш қолданамыз деп қоқан-лоқы көрсетті» деп айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Iranpress басылымының жазуынша, шағым 1981 жылғы Алжир келісімдерінің ережелеріне сәйкес Иран-АҚШ арбитраждық трибуналында тіркелген. Талап арыз 2026 жылдың наурыз айында Иранға қарсы болған 12 күндік соғыс кезінде АҚШ халықаралық міндеттемелерді бұзды деген айыпқа байланысты берілген.
№A-34 ісі ретінде тіркелген Иранның арызында Алжир келісімдерінің 1-тармағына сілтеме жасалған. Құжатта Тегеран АҚШ тарапынан жіберілді деп есептелетін заңбұзушылықтарды, соның ішінде 12 күндік әскери қақтығысты, экономикалық санкцияларды және күш қолдану қаупін атаған.
Иран трибуналдан:
– АҚШ-ты Алжир келісімдерінің 1-тармағын бұзды деп тануды;
– Иранның ішкі ісіне тікелей және жанама араласуды дереу тоқтатуды міндеттеуді;
– мұндай заңсыз әрекеттердің қайталанбауына кепілдік беруді талап етуді;
– келтірілген шығын үшін толық өтемақы төлеуді міндеттеуді сұрады.
Алжир келісімдерінің 1-тармағына сәйкес, АҚШ Иранның ішкі ісіне тікелей не жанама, саяси немесе әскери араласудан бас тартуға міндеттеме алған.