Бүгін, 01:04
Әлем

ДДСҰ хантавирустың таралу қаупіне баға берді

Бұған дейін MV Hondius кемесінің бортында кемінде үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын

ДДСҰ хантавирустың таралу қаупіне баға берді
Фото: freepik.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хантавирустың таралуына қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге X әлеуметтік желісінде арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nampa.org сайтына сілтеме жасап.

Хантавирустар – адамда бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызбаны, сондай-ақ кардиопульмоналдық синдромды тудыруы мүмкін вирустар тобы. Инфекцияның негізгі тасымалдаушылары – кеміргіштер.

Вирус жануарлардың сілекейі мен нәжісі арқылы бөлінетін ұсақ бөлшектерді тыныс арқылы жұқтырғанда таралады. Жұқтыру қаупі әсіресе жабық әрі желдетілуі нашар орындарда жоғары болады.

Ханс Клюгенің айтуынша, кей жағдайда ауру ауыр өтуі мүмкін болғанымен, адамнан адамға өте сирек жұғады. Ол халық үшін жалпы қауіп деңгейі төмен екенін айтып, дүрбелеңге немесе сапарларға шектеу енгізуге негіз жоқ екенін атап өтті.

Бұған дейін Аргентинаның Ушуайя қаласынан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius кемесінің бортында кемінде үш адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Хантавирус жұқтырған бір жағдай зертханалық түрде расталды, тағы бес адам тексеріліп жатыр.

Мақалада
#вирус #ДДСҰ