Иранда түрмеге түскен Нобель сыйлығының лауреаты өлім аузында жатыр

Автор: Темірхан Айжан

50 жастағы адвокат Ирандағы әйелдер құқығын қорғаумен айналысқан

Фото: AAP / SalamPix/ABACA/PA/Alamy

Нобель сыйлығының лауреаты, қазіргі уақытта түрмеде отырған ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммади ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters мәлім еткендей, ол Зенджан қаласындағы түрмеден ауруханаға «денсаулығының күрт нашарлауына» байланысты ауыстырылған. Мәліметтерге қарағанда, ол екі рет ес-түссіз талып, инфаркт алған.

50 жастағы Наргес Мохаммади Ирандағы әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын жою жолындағы күресі үшін түрмеге түскен. Ол осыған дейін Нобель сыйлығына ие болған.

Биыл ақпан айында ол қосымша 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңғы рет желтоқсан айында адвокат, саяси тұтқындар мен азаматтық белсенділердің құқығын қорғаумен айналысқан Хосроу Аликордидің қазасын айыптағаны үшін тұтқындалған болатын. Иран прокуратурасы оны жерлеу рәсімінде «арандатушылық сипаттағы сөздер айтты» деп айыптады.

Нобель комитеті мен халықаралық ұйымдар Тегеран билігін құқық қорғаушыны дереу босатуға шақырып отыр.