Майкл Джексон туралы фильм әлемдік прокатта топ жарды: кассалық түсім 217 миллион доллардан асты (ВИДЕО)
Поп-музыка королінің тағдыры көрерменді баурап алды
Поп-музыка королі Майкл Джексонның өмір жолына арналған биографиялық туынды әлемдік кинопрокатта табысқа кенелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Картина бүгінге дейін 217 миллион доллар жинап үлгерген.
Аңызға айналған әртістің тағдыры мен шығармашылық белестерін баяндайтын туындыны бүкіл әлем көрермендері ерекше ықыласпен қабыл алды. Алғашқы апталардан-ақ кассалық түсімнің мол болары анық болған. Джексон тұлғасына деген қызығушылықтың арқасында фильм прокаттағы позициясын ұстап тұр.
Кинотуынды әртістің бала кезіндегі отбасылық ансамбльден басталған алғашқы қадамдарынан бастап, әлемдік деңгейдегі супержұлдызға айналған шағына дейінгі негізгі кезеңдерді қамтиды. Джексонның жаһандық музыка индустриясына қалдырған өшпес ізі ерекше суреттелген.
Киносыншылар фильмдегі режиссерлік жұмыстың сапасына жоғары баға берген. Мамандар алдағы апталарда да туындының кассалық табысы өсе туседі деп болжап отыр.